Бұған дейін ПМХЗ командалары павлодарлық және қызылордалық іріктеу турнирлеріне қатысып, үздік ойын көрсеткен болатын. Біздің спортшылар шымкенттік жарыстардың нәтижелері бойынша да жоғары нәтижелер көрсетті: баскетбол мен волейболдан алтын, ерлер арасында шахматтан күміс, арқан тарту мен әйелдер арасындағы шахматтан қола жүлделерді жеңіп алды.
Спартакиаданың келесі кезеңі 2024 жылғы 9-14 тамыз аралығында Павлодарда өтетін финалдық жарыс болады.
Өз алаңымызда өтетін спартакиаданың финалында спортшыларымызға сәттілік пен алға қойған мақсаттарына қол жеткізуді тілейміз!
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі