Арқан тарту – арқан тартудан қазақтың ұлттық ойыны. «ПМХЗ» ЖШС құрылымдық бөлімшелерінің жұмыскерлері «Спартакиада-2024» аясында осы спорт түрі бойынша жарыстарға қатысты.
Арқан тарту командалық ойын ретінде қатысушылардың ұжымда жұмыс істеу қабілетін дамытады, сонымен қатар ептілікті, күш пен тепе-теңдік сезімін жақсартады. Осындай спорттық іс-шараларға қатысудың арқасында зауыт жұмысшылары басқа құрылымдық бөлімшелердегі әріптестерімен жақынырақ танысуға, команда қатысушыларымен қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге және ұжымына жеңіс әкелуге тамаша мүмкіндік алады.
2024 жылғы 21 сәуірде кәсіпорын жұмыскерлері Орталық стадионда жарыс өткізу үшін жиналды. Ойын үшін 8 адамнан тұратын екі команда арқанның екі ұшын ұстап, сигнал бойынша қарсыласын өз жағына тартуға тырысты. Олимпиадалық ұтыс жүйесі бойынша команда бірінші жеңілістен кейін турнирден шықты.
Қорытынды нәтижелер:
Орын |
ПМХЗ құрылымдық бөлімшесі |
1 |
Мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу өндірісі (МКТӨ) |
2 |
Мұнайды терең өңдеу өндірісі (МТӨӨ) |
3 |
Күкірт өндірісі және жалпы зауыттық шаруашылығы (КӨжәнеЖЗШ) |
4 |
Сумен жабдықтау және кәріз цехы (СжәнеК) |
5 |
Ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісі (АМҚӨӨ) |
6 |
Жөндеу-механикалық цех (ЖМЦ) |
7 |
Зауыт басқармасы |
8 |
Ашық мұнай өнімдері өндірісі (АМӨ) |
9 |
Мұнайды бастапқы өңдеу өндірісі (МБӨӨ) |
10 |
Технологиялық үдерістердің бақылау-өлшеу аспаптары және автоматтандыру (ТҮБӨАжәнеА) |
11 |
Бу-ауамен жабдықтау цехы (БАЖ) |
14 |
Электрмен жабдықтау цехы |
14 |
Кірме жолдарға қызмет көрсету цехы (КЖҚЦ) |
14 |
Жөндеу-құрылыс-монтаждау цехы (ЖҚМЦ) |
1 орын - МКТӨ
2 орын - МТӨӨ
3 орын - КӨжәнеЖЗШ
Іс-шара соңында жүлдегерлер естелік дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. МКТӨ командасы ерекше аталып өтті: қатысушылардың тамаша нәтижелерінің арқасында осы топтың базасында «ҚазМұнайГаз» спартакиадасына қатысу үшін арқан тарту бойынша ПМХЗ құрамасы құрылады.
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі
Фото – Илья Величко