ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
29.04.2024
738 просмотров
Павлодар МХЗ қызметкерлері арасында баскетболдан жарыс өтті «Спартакиада-2024» аясында «ПМХЗ» ЖШС құрылымдық бөлімшелерінің жұмыскерлері керемет баскетбол ойынын көрсетті.

Жарыс 2024 жылдың 20, 27 және 28 сәуірінде өтті. Баскетболдың таралуы ойынның көріністілігі мен динамикасымен оңай түсіндірілетінін атап өткен жөн. Сонымен қатар, мұндай спорт өз қатысушыларын жан-жақты дамытады. Мысалы, координацияны, тепе-теңдік сезімін және төзімділікті жақсартуға көмектеседі. Командада ойнау қарым-қатынас дағдыларын нығайтады, перифериялық көруді жақсартады және құбылмалы жағдайларда жылдам әрекет етуді үйренуге көмектеседі. Мұның бәрі мұнай өңдеушілерге жұмыс пен жеке өмірде көмектесе алады.

Қорытынды нәтижелер:

Орын

ПМХЗ құрылымдық бөлімшесі

1

Мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу өндірісі (МКТӨ)

2

Күкірт өндірісі және жалпы зауыттық шаруашылығы (КӨжәнеЖЗШ)

3

Мұнайды бастапқы өңдеу өндірісі (МБӨӨ)

4

Зауыт басқармасы

5

Ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісі (АМҚӨӨ)

6

Сумен жабдықтау және кәріз цехы (СжәнеК)

7

Бу-ауамен жабдықтау цехы (БАЖ)

8

Мұнайды терең өңдеу өндірісі (МТӨӨ)

11

Ашық мұнай өнімдері өндірісі (АМӨ)

11

Жөндеу-механикалық цех (ЖМЦ)

11

Бақылау-өлшеу аспаптары және технологиялық үдерістерді автоматтандыру цехы (БӨАжәнеТҮА)

11

Электрмен жабдықтау цехы

11

Кірме жолдарға қызмет көрсету цехы (КЖҚЦ)

14

Жөндеу-құрылыс-монтаждау цехы (ЖҚМЦ)

1 орын - МКТӨ

2 орын - КӨжәнеЖЗШ

3 орын - МБӨӨ

ПМХЗ баскетбол командасының капитаны Рустам Галимов бастаған МКТӨ командасы өз шеберліктерін дәлелдеп, алаңда әсерлі ойын көрсетті. Жарыс соңында жүлделер мен дипломдар табысталып, марапаттау рәсімі өтті.

«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі

Фото – Илья Величко

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться