2024 жылдың 1 мамырында «Жұлдыз» стадионында кәсіпорын жұмыскерлері арасында жарыстың бірінші, топтық, кезеңі өтті. Турнир жеңімпаздарын анықтайтын финалдық ойындар 2024 жылдың 5 мамырында өтті.
Шағын-футбол классикалық футбол қағидаларына негізделген, бірақ алаңның кішірек өлшемімен және қатысушылардың азаюымен ерекшеленеді, әр командадан алаңға 11 ойыншының орнына 5 адам шығады. Осындай ықшамды жағдайлардың арқасында, бұл спорт координацияны, ойыншылардың тактикалық дағдыларын, олардың төзімділігі мен командада жұмыс істеу қабілетін керемет дамытады. Сонымен қатар, алаңдағы жоғары физикалық белсенділік ПМХЗ қызметкерлеріне психологиялық денсаулығын сақтау үшін жүйке жүйесін қалпына келтіруге және стресстен арылуға көмектеседі.
Қорытынды нәтижелер:
Орын |
ПМХЗ құрылымдық бөлімшесі |
1 |
Сумен жабдықтау жән кәріз цехы (СжәнеК) |
2 |
Мұнайды бастапқы өңдеу өндірісі (МБӨӨ) |
3 |
Ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісі (АМҚӨӨ) |
4 |
Мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу өндірісі (МКТӨ) |
5 |
Мұнайды терең өңдеу өндірісі (МТӨӨ) |
6 |
Күкірт өндірісі және жалпы зауыттық шаруашылығы (КӨжәнеЖЗШ) |
7 |
Зауыт басқармасы |
8 |
Жөндеу-құрылыс-монтаждау цехы (ЖҚМЦ) |
11 |
Ашық мұнай өнімдері өндірісі (АМӨ) |
11 |
Бу-ауамен жабдықтау цехы (БАЖ) |
11 |
Бақылау-өлшеу аспаптары және технологиялық үдерістерді автоматтандыру цехы (БӨАжәнеТҮА) |
11 |
Электрмен жабдықтау цехы |
11 |
Жөндеу-механикалық цех (ЖМЦ) |
14 |
Кірме жолдарға қызмет көрсету цехы (КЖҚЦ) |
1 орын - СжәнеК
2 орын - МБӨӨ
3 орын - АМҚӨӨ
СжәнеК цехының командасы ПМХЗ-дан осы жарысқа алғашқы қатысқанына қарамастан, барлық қарсыластарынан алға шықты. Осы жарқын жеңіспен ойыншылар футболда және командалық жұмыста өз шеберліктерін дәлелдеді.
Турнир аяқталғаннан кейін, марапаттау рәсімі өтті, онда қатысушыларға естелік дипломдар мен сыйлықтар табысталды.
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі
Фото – Илья Величко