Зауыт жұмыскелеріне 7-14 жас аралығындағы балаларын «Ақ-Бұлақ» биік таулы курортына демалысқа жіберу мүмкіндігі беріледі. Лагерь теңіз деңгейінен 1650 метр биіктікте орналасқан.
Бірінші маусым павлодарлық мұнай өңдеушілердің балалары үшін 10 маусымда басталып, 12 күнге созылды. 10-12 адамнан тұратын балалар тобы бір жетекшінің қарамағында түрлі жорықтарға шықты, экскурсияларға қатысты, күнделікті тақырыптық іс-шараларға, спорттық ойындарға, би алаңында және от жанындағы жиындарға қатысты, ат үстінде жүру негіздерін үйренді, жүзіп, арқан жолмен сырғанады. Әл-қуатты сақтау үшін балаларға бес рет тамақтану ұйымдастырылды.
Екінші маусым 3 шілдеде басталды, және тамыз айының соңына дейін тағы бірнеше маусым алда өтпек. ПМХЗ жұмыскерлерінің отбасыларынан барлығы 183 оқушы осылайша демалады.
Айта кетейік, балалар демалысын ұйымдастыру «Мұнайшы» жергілікті кәсіподақ» ҚБ-ға жүктеледі. Белсенді және салауатты демалыс ата-аналарға кәсіпорынның дотациясы есебінен 90% тиімді болып есептеледі.
«ПМХЗ» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі