Жоспарлы-алдын ала жөндеу аяқталғаннан кейін ПМХЗ мұнай өнімдерін белсенді түрде өндіреді және жөнелтеді
29.07.2024
872 просмотров
2024 ж. 28 шілдеде өндірілген және тиелген ЖЖМ туралы хабарлаймыз.
Бензин өндірісі 2024 ж. 20 шілдеде іске қосылды, жаңа партиядан алғашқы жөнелту 2024 жылғы 26 шілдеге жоспарланған болатын, қазірдің өзінде 10874,676 тонна жөнелтілді.
Дизель отынының өндірісі 2024 жылы 21 шілдеде басталды, 2024 жылғы 22 шілдеден бастап 27760,566 тоннадан астам тиеліп жөнелтілді.
2024 жылы 19 шілдеде сұйылтылған газ өндірісі іске қосылды, 2024 жылғы 20 шілдеден бастап 5681,58 тонна тиелді.
Битум өндірісі 2024 ж. 20 шілдеде іске қосылды, ал 2024 жылғы шілденің 21-нен 28-і аралығында 12161,130 тонна мұнай өнімі жөнелтілді.
КГТ (керосинді гидротазарту) қондырғысы 2024 ж. 26 шілдеде жұмыс режиміне шықты, тиеу 2024 жылы 27 шілдеде басталды, екі тәулік ішінде 457,972 тонна тиелді.
Барлық технологиялық үдерістер іске қосылды, тауарлық өнім бекітілген кесте бойынша шығарылады.
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото – Илья Величко