ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
05.08.2024
823 просмотров
Павлодар мұнайхимия зауытының қызметкерлеріне ҚР Гемопоэтикалық дің жасушаларының донорлығын дамыту мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру сұхбаты өтті

2024 жылдың 26 ​​шілдесінде «ПНХЗ» ЖШС мәжіліс залында кәсіпорын қызметкерлері Қазақстан Республикасында гемопоэтикалық дің жасушаларының донорлығын дамыту бойынша ақпараттық-түсіндіру сұхбаты өтті. Жиынның спикері Павлодар облыстық қан орталығының донорларды жинақтау бөлімінің меңгерушісі – Алма Қалкенқызы Исабекова.

Алма Қалкенқызы Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Беларусь, Грузия, Украина және басқа да посткеңестік елдер үшін сүйек кемігі донорларының тапшылығы мәселесіне, ҚР Ұлттық тізілімінің дамуы туралы айтт. Тізілімнің мақсаты – онкологиялық және ауыр қан ауруларына шалдыққан Қазақстан азаматтарының өмірін сақтап қалу. Донорлар тізілімі – әлеуетті донорлар – қажет болған жағдайда дің жасушаларын жинау үшін қан тапсыруға дайын адамдар туралы мәліметтер базасы болып табылады.

Қан орталығының қызметкері тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беріп, донорлық туралы, донорлықтың денсаулыққа жаман әсері бар және сүйек пен омыртқадан материал алынады деген мифтерді жоққа шығарды. Белгілі болғандай, жаңа әдісте арнайы құрылғы арқылы тамырдан қан алынады. Аппарат арқылы өткен қан көлемінен HSC (гемопоэтикалық дің жасушалары) таңдалады, содан кейін қан донордың қан ағынына қайтарылады. Процедура аппараттық тромбоцитаферезге ұқсайды, бірақ ұзағырақ уақыт (шамамен 4-5 сағат) қажет.

Гемопоэтикалық дің жасушаларының донорларының тізіліміне қалай қосылуға болады?

  • Донор болу үшін Павлодар қ., көш. Естая, 79 мекен-жайы бойынша Қан орталығына бару қажет.

Кім донор бола алады?

  • Егер қатты ауыр сырқаттар болмаса, еліміздің кез келген кәмелетке толған азаматы қатыса алады.

Тізілімге қосылу және ГДЖ доноры болу ауыртпалықсыз және қауіпсіз!

Игі іске қосылыңыз!

Донор үшін қауіпсіз! Жанама әсерлері жоқ!

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться