ҚазМұнайГаз Спартакиадасы үлкен ұжымның бірлік рухын айшықтайды!
09.08.2024
481 просмотров
Ертең дүбірлі дода - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Спартакиадасы басталатынын қуана хабарлайды. Іс-шара «ҚМГ Спартакиадасы — үлкен және танымал ұжымның бірлік рухы» ұранымен өтеді және Қазақстан мұнайының 125 жылдығына арналады. Бұл ауқымды спорттық іс-шараның салтанатты ашылуы 10 тамызда Павлодар қаласында өтеді. Біз сіздерді осы спорт пен достық мерекесіне қосылуға шақырамыз!
Биылғы Спартакиада 11 спорт түрін қамтиды, оның ішінде: волейбол, шағын футбол, үстел теннисі, шахмат, киберспорт, баскетбол, жүзу, тоғызқұмалақ, арқан тарту, қол күрес, асық ату бойынша жарысқа ҚМГ-ның 27 еншілес ұйымынан 600-ден астам қызметкер қатысады.
Ең жарқын сәттерді жіберіп алмаңыз! Бізбен бірге болыңыздар!
Барлық спорт сүйер қауымды біздің спортшыларды қолдауға шақырамыз!
Өтетін күні: 10-14 тамыз
Өтетін орны: Павлодар қаласындағы тоғыз спорт кешені
ҚМГ Баспасөз-қызметі “ПМХЗ” ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі