Спартакиада әйелдер мен ерлер арасында спорттың 11 түрі бойынша: волейбол, шағын футбол, үстел теннисі, шахмат, киберспорт, баскетбол, суда жүзу, тоғызқұмалақ, арқан тарту, армрестлинг және асық ату өтеді. Спорт алаңдарына ҚМГ компаниялар тобының 27 мекемесінен 600-ден астам қатысушылардан құралған құрама командалар шығады.
Іріктеу кезеңінің финалистері болып акционерлік қоғамдар: «ҚазТрансОйл», «Маңғыстаумұнайгаз», «Ембімұнайгаз», «Өзенмұнайгаз», «Қаражанбасмұнай» мен мұнай өңдеуші зауыттар «Павлодар мұнай-химия зауыты», «Петро Казахстан Ойл Продактс», «Атырау мұнай өңдеу зауыты», сонымен бірге жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер «ҚМГ Инжиниринг», «НМСК «Қазмортрансфлот», «СП «Қазгермұнай», «ҚазГӨЗ», «Өріктау Оперейтинг», «ТеңізСервис», «СП «Caspi Bitum», «ҚМГ Құмкол», «Қазақтүрікмұнай», «Kazakhstan Petrochemical Indastries Inc», «Маңғыстауэнергомұнай», «Кен-Кұрылыс-Сервис», «KMG EP-Catering», «Мұнайтелеком», «ӨзенМұнайСервис», «Oil Construction Company», «Oil Transport Corporation», «Oil Services Company».
Салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа баулу және қызметкерлердің арасында өзара байланыс орнату мақсатында ҚМГ жыл сайын өңірлерде еншілес ұйымдары қатысатын спартакиада өткізеді.
ҚМГ аппарат басшысы Әлимұхаммед Құттұмұрат-ұлы жарысқа қатысушыларға арналған сөзінде: «Спорттық іс-шаралар бүгінде «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының өміріне терең енген. Ұлттық компанияның он мыңдаған қызметкерлерінің ішінде жоғары деңгейдегі спортшыларымыз бар. ҚМГ-дың дәстүрлі спартакиадасы біздің үлкен және танымал ұжымымыздағы бірліктің рухына айналды. Біздің еншілес ұйымдарымызда аралық және жыл сайын спартакиадалар өтеді. Корпоративтік спорттық іс-шараларды қолдау ҚМГ басшылығының берік ұстанымы болып табылады. Сіздерге ұмытылмас сәт, мол тәжірибе, жаңа достар және спорттағы маңызды дағдыларды игеруді тілеймін», деп атап өтті.
Ол спортшыларға белсенді өмірлік ұстанымдары үшін алғыс білдіріп, барлық қатысушыларға сәттілік, ал ең мықтыларына жеңіс тіледі.
Барлық спорт түрлері бойынша жарыстардың аралық нәтижелері біздің ақпараттық арналарымызда «ҚМГ спартакиадасы» атты арнайы айдарда берілетін болады.
ҚМГ спорттық шайқастарының қызу болатынына уәде береміз. Барлық спорт әуесқойларын іс-шаралардан қалыс қалмауға және спартакиадаға қатысушыларды қолдауға шақырамыз.
ҚМГ Баспасөз-қызметі
“ПМХЗ” ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі
Фото — Илья Величко