ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
10.08.2024
436 просмотров
2024-Спартакиада күнделігі. Спартакиада Ашылу рәсімінен кейін бірінші жарыс аяқталды

Бүгін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобы арасындағы Спартакиаданың қорытынды кезеңі басталды. Ашылу салтанатынан кейін турнир жарыстары өтті. Алғашқы болып қатысушылар қазақтың ұлттық ойыны – арқан тартудан өзара бақ сынасты.

Күш сынаған командалар «Бірлік» жекпе-жек сарайында кездесті.
Нәтижесі мынадай:
1-орын – «Өзенмұнайгаз» АҚ;
2-орын – «Қаражанбасмұнайгаз» АҚ;
3-орын – «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС.
Турнирдің бірінші күні арқан тарту жеңімпаздарын марапаттау рәсімімен аяқталды.
Ертең, 11 тамызда спортшылар тоғыз құмалақ, үстел теннисі, волейбол, баскетбол, шағын футбол, киберспорт, армрестлинг бойынша сынға түседі.

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі
Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться