«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) еншілес ұйымдарының еңбек ұжымдары арасындағы Спартакиаданың жарыстары мәресіне жетті. Дәстүрлі іс-шара биыл Қазақ мұнайының 125 жылдығына және Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналды. Тамыздың 10-14 тамыз аралығында өткен жарыстарға 27 команданың 600-ден астам спортшысы қатысты.
Қатысушылар спорттың 11 түрі бойынша бақ сынасты: арқан тарту, қол күресі, асық ату, баскетбол, волейбол, киберспорт, шағын футбол, үстел теннисі, жүзу, тоғызқұмалақ және шахмат.
2024 жылдың 14 тамыз күнінің бірінші жартысында ерлер мен әйелдер арасында волейболдан, ерлер арасында баскетболдан және мини-футболдан жүлделі орындарды анықтау үшін финалистер арасында шешуші жарыстар өтті:
Баскетбол:
1 орын – АО «КазТрансОйл»;
2 орын – ТОО «АНПЗ»;
3 орын – АО «Каражанбасмунай».
Волейбол (ерлер):
1 орын – АО «КазТрансОйл»;
2 орын – ТОО «ПНХЗ»;
3 орын – АО «Озенмунайгаз».
Волейбол (әйелдер):
1 орын – ТОО «АНПЗ»;
2 орын – АО «КазТрансОйл»;
3 орын – АО «Озенмунайгаз».
Мини-футбол:
1 орын – АО «Озенмунайгаз»;
2 орын – ТОО «Oil Services Company»;
3 орын – АО «КазТрансОйл».
2024 жылғы 14 тамыз күні түстен кейін ҚМГ спартакиадасының жабылу салтанаты Павлодар қаласының «Бірлік» жекпе-жек сарайында өтті. ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов мұнайшы спортшыларға ілтипат білдіріп, жеңімпаздарды құттықтады. Ол шараның барлық қатысушысына алғыс айтып, ҚМГ еншілес кәсіпорындар командаларының саны мен дайындық деңгейінің өсіп келе жатқанын атап өтті.
«Қазақ мұнайының 125 жылдығына және әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған спартакиаданың қатысушыларын шын жүректен құттықтаймын! Осындай спорттық додалар мұнай-газ саласындағы қызметкерлер арасындағы салауатты өмір салтын насихаттауға, корпоративтік рухты нығайту мен ынтымақты арттыруға ықпал етеді. Еңбек пен спортты қатар алып жүріп, толағай табыстарға жете беріңіздер», - деді А. Хасенов. Сондай-ақ ол Павлодар мұнай-химия зауытына финалдық іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.
Арқан тартудан «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) командасы басым болды. Қазақ ұлттық ойыны – асық атудан «Ембімұнайгаз» АҚ өкілдері үздік атанды.
Ерлер арасындағы үстел теннисінде ҚМГ корпоративтік орталығының қызметкері Ахметбек Биятов, ал әйелдер арасында ӨМГ-дан Лаура Айтжанова жеңіске жетті.
Тоғызқұмалақ ойынында ерлер арасында бірінші орынды «Қазақтүрікмұнай» ЖШС қызметкері Қанат Төремұратов жеңіп алса, әйелдер арасында «ҚазТрансОйл» АҚ-дан Сабина Өмірзақова (ҚТО) чемпион атанды.
Қол күресте ерлер арасында «ӨзенМұнайСервис» ЖШС-нің қызметкері Дәурен Еңсеп (80 келіге дейінгі салмақта) және «ПМХЗ» ЖШС-нің қызметкері Владислав Бодылевский (80 келіден артық), әйелдер арасында «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нен Екатерина Батырханова (65 келіге дейінгі салмақта) және ҚТО-дан Елена Буркальцева (65 келіден артық) үздік деп танылды.
Киберспортта үздік нәтижені «Атырау мұнай-химия зауыты» ЖШС командасы көрсетті.
Шахматтан ерлер арасында Валерий Аллаяров (ҚазТрансОйл), ал әйелдер арасында Маржан Құлекеева (ПҚОП) жеңіс тұғырынан көрінді.
Жүзуде ерлер арасында (40 жасқа дейін) мәреге ең бірінші болып ҚазТрансОйл қызметкері Игорь Сорокин және «ӨзенМұнайСервис» ЖШС-нен (40 жастан асқан) Әлібек Дұзбаев жетті.
Әйелдер арасында бірінші орынды Айнаш Тасболатова (ПМХЗ, 40 жасқа дейін) және Ирина Филеева (ҚТО, 40 жастан асқан) жеңіп алды.
«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімі
Фото – Илья Величко