Сапар барысында мемлекет қайраткері Павлодар мұнайхимия зауытында болып, зауыттың бас директоры Қуаныш Бишімов кәсіпорынның қызметі туралы егжей-тегжейлі баяндап, қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар мен зауыттағы қауіпті техникалық құрылғылармен қауіпсіз жұмыс істеу үшін жағдай жасаудың заманауи тәсілдері туралы айтып берді.
Сапар барысында Төтенше жағдайлар вице-министрі зауыттың өндірістік қуатымен, шығарылатын өнім ассортиментімен, мемлекеттік емес өрт сөндіру және газ-құтқару жұмыстары қызметі бөлімшелерінің штаттық және материалдық базасымен және кәсіпорынның қорғаныс жағдайымен, құрылымдармен, сондай-ақ, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша зауыт басшылығы қабылдаған шаралармен танысты.
Зауыттың Қауіпсіздік пен еңбекті қорғау қызметкерлерімен кездесу барысында өндірістегі өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыруға көмектесетін негізгі тәсілдерді талқылады.
«ПМХЗ» ЖШС жұртышылықпен байланыс бөлімі