ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
22.08.2024
1056 просмотров
ПМХЗ жұмыскерлерінің жазғы демалысы Жаз - күш-қуат пен денсаулықты қалпына келтірудің тамаша мезгілі. Өз жұмыскерлерін қолдау үшін Павлодар мұнайхимия зауыты олар үшін көрікті табиғи аймақтардағы демалыс базаларына сапарлар ұйымдастырады. Кәсіпорын қаржы бөлігін өзіне алды, ал барлық ұйымдастыру мәселелерімен «Мұнай өндеушы» жергілікті кәсіподақ» ҚБ айналысады.
Зауыт жұмыскерлерінің қолжетімді демалыс орындардың қатарында Бурабай ұлттық паркіндегі Қатаркөл көлінің жағасында орналасқан «Дискавери Бурабай» курорт-қонақ үйі, және Баянауылда орналасқан Жасыбай көлінің аясында «Золотые пески», «Anyz Land» туристік базалары және Сабындыкөл көліндегі «Сабындыкөл PLAZA» демалыс үйі.

Зауыт жұмыскерлерінің сапалы демалысы үшін барлық жағдай жасалған: кәсіпорыннан трансфер, үш рет тамақтану, жайлы бөлмелер, жаяу қашықтықтағы жағажайлар және көркем табиғи аймақтарындағы серуендер.

Қазіргі уақытта мұнай өңдеушілер табиғатта белсенді демалып, әрі қарай жемісті еңбек жасауға күш жинауда. 2024 жылдың қаңтар-шілде айларында Бурабай ұлттық паркіне ПМХЗ жұмыскерлерінің барлығы 251 отбасы, ал Баянауылда 449, оның ішінде Сабындыкөлде 69 отбасы демалды. Жазғы демалыс тамыз айының соңына дейін жалғасады, одан кейін зауыт жұмыскерлері қысқы демалыс күндері «Дискавери Бурабай» курортына бара алады.

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі
Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться