«Елімізде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен "Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы жалғасуда. Бүгін біз, бас директордың орынбасары – техникалық директор Сергей Петруктың жетекшілігімен Усолка микроауданының саябақ аймағындамыз, Ертіс жағалауын санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Павлодар мұнайхимия зауыты жыл сайын қала аумағында да, сонымен қатар қала сыртында да санитарлық тазалау, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын жасаймыз. Биыл сенбіліктер «Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында өтуде».
«Мұнайхимия зауытының жұмыскерлері бірігіп, қала мен оның айналасын таза етуге күш салудамыз. Бұл бастамалар қоршаған ортаны сақтау және тұрғындар арасында экологиялық жауапкершілікті насихаттаудың маңыздылығын көрсетеді. “Таза Қазақстан" экоакциясына бізбен бірге ілесіп қаланы көркейтіп, жасыл желекке айналдыруға тырысып жатқандардың саны артуда», - дейді Павлодар мұнайхимия зауытының қоршаған ортаны қорғау қызметінің басшысы Игорь Оноприенко.
Бүгін жұмыскерлер Ертіс жағалауын 1 тоннадан астам қоқыстан тазартты.
ПМХЗ қызметкерлері жыл басынан бастап, бірнеше рет сенбіліктерін, ағаш отырғызу науқандарын және экологиялық челлендждерін өткізді.
“ПМХЗ” ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі
Фото - Илья Величко