«ПМХЗ» ЖШС Бас директорының орынбасары-техникалық директор Сергей Петрук Бас директордың атынан ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісінің (АМҚӨӨ) басшысы Юрий Мигуляның ата-анасы – Виктор Михайлович пен Любовь Васильевнаға алғыс хат табыстап, ұлының құрметке лайық кәсіби және көшбасшылық қасиеттерін қалыптастырғаны үшін алғысын білдірді.
АМҚӨӨ және оның қызметкерлері үздік өндірістік көрсеткіштері мен жетістіктері үшін «AMAН» біріктірілген қауіпсіздік және еңбекті қорғау жүйесі үшін бірнеше рет түрлі номинациялармен марапатталды, бұл сөзсіз, өндіріс бастығы Юрий Мигуляның елеулі еңбегінің жемісі.
Юрий Викторович еңбекті, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен қоршаған ортаны қорғауға өзінің адалдығын жеке үлгісімен көрсетіп, осы процеске өзіне сеніп тапсырылған өндіріс қызметкерлерін де тартады.
Ата-анаға арналған алғыс хатта ұлының сіңірген еңбегіне тоқталып қана қоймай, ата-ананың лайықты тұлға, азамат етіп тәрбиелеудегі қажыр-қайраты мен еңбегіне ризашылығы білдірілген.
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі