«ПМХЗ» ЖШС-де өртті сөндіру бойынша оқу-жаттығулар жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл жолы жаттығулар 2024 жылдың 21 тамызында зауыттың инженерлік орталығының ғимаратында өтті. Шараға ғимаратта орналасқан кәсіпорынға қызмет көрсететін құрылымдық бөлімшелер мен ұйымдардың қызметкерлері: «Медикер-өнеркәсіптік медицина» ЖШС медициналық қызметі және «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС Павлодар филиалының өрт және газ қауіпсіздігі отряды қатысты.
Төрт қабатты ғимараттың үшінші қабаты «өрттің» және өрт сөндіру әрекеттерін үйретудің тұрағына айналды. Құрылымдық бөлімшелері басшыларының алдында қызметкерлерді жедел эвакуациялауды қамтамасыз ету міндеті тұрды. Осыдан кейін «Семсер-Өрт сөндіруші» газ-түтіннен қорғау қызметінің жедел-құтқару жасақтары ғимараттан шықпай қалған жұмысшылардың бар-жоғын тексерді. Далаға шыққан барлық эвакуацияланған қызметкерлер өздерінің әріптестерін қадағалады.
Оқу-жаттығуларға «Семсер-Өрт сөндіруші» өрт сөндіру және газ қауіпсіздігі отрядының барлығы 4 бірлік өрт сөндіру техникасымен 16 қызметкері қатысты. Олардан басқа ғимаратта орналасқан компания қызметкерлері мен «Медикер-өнеркәсіптік медицина» медициналық қызметінің жедел жәрдем көлігі жұмылдырылды.
Мұндай іс-шаралар қызметкерлерге өрт дабылы кезінде жедел әрекет жасау дағдыларын жақсартуға көмектеседі және төтенше жағдай барысында апаттық қызметтердің кәсіби мінез-құлық тәжірибесін дамытуға мүмкіндік береді.
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото «ПМХЗ» ЖШС Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімімен ұсынылған