ПМХЗ жұмыскерлері Астанадағы кәсіби мерекеге арналған салтанатты жиынға қатысты
05.09.2024
843 просмотров
2024 жылғы 5 қыркүйекте ПМХЗ жұмыскерлері ҚР Мұнай-газ кешені жұмыскерлерінің күніне және Қазақстан мұнайының 125 жылдығына орай «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) салтанатты іс-шарасына қатысты.
Кәсіби мерекеде ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов еңбек сіңірген мұнайшыларды марапаттады. Солардың бірі «ПМХЗ» ЖШС технологиялық қондырғыларының аға операторы Қадор Әжірбекұлы Байбәкіров болды. Ол өзінің адал еңбегі және саланы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ҚР Энергетика министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Қадор Байбәкіров өзіне сеніп тапсырылған бригададағы персоналдың біліктілігін үнемі арттырып отырады, өзінің білімі мен тәжірибесін жас мамандарға үйретеді, көптеген жылдар бойы олардың тәлімгері болды.
Марапаттау рәсімін концерттік бағдарлама сүйемелдеді, оған ПМХЗ екінші өкілі – технологиялық қондырғылардың операторы Ризат Беспаев қатысты, ол Геннадий Козловскийдің өлеңдеріне жазылған Муслим Магомаевтың «Синяя вечность» әнін шырқады. Жуан дауыс және Ризаттың классикалық қойылымы көрермендердің көңілінен шықты.
Қадор Байбәкіровті құрметті наградамен және Ризат Беспаевты табысты дебютімен құттықтаймыз!
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі
Фото, бейне Болатхан Серікбай