ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
11.09.2024
705 просмотров
ПМХЗ-да Қазақстан халқының тілдері күні қалай өтті

Қазақстан халқының тілдері күнін мерекелеу аясында 2024 жылы 11 қыркүйекте «ПМХЗ» ЖШС-де мемлекеттік тілде ашық диктант өткізілді.

Жаңа технологиялардың күнделікті өмірге енуіне байланысты, қазіргі заманда сауаттылықтың маңызы күн сайын артып келеді. Сауатты жазу жеке тұлғаның дамуын ғана емес, сонымен қатар қоғамда тиімді қарым-қатынас жасау қабілетін қамтамасыз ететін негізгі дағдыға айналып отыр.

Осыған байланысты ашық диктанттарды қазақ тілінде өткізу ерекше маңызға ие болуда. Бұл іс-шара тілдік дағдыларды дамытуға ықпал етіп қана қоймай, қазақ тілін үйренуге қызығушылық танытатын адамдарды да біріктіреді. Жыл сайын ПМХЗ-да сауаттылықтың тесті әрі тілдік дағдыларды жақсарту тәсілі болып табылатын диктант өткізіледі.
Ашық диктантты қазақ тілі пәнінің мұғалімі Гүлназ Әлімқанова дайындап өткізді. Іс-шараға 33 адам қатысып, қазақ тілін меңгеруге деген құлшынысын танытып, ұлттық болмысты нығайтуға ынта білдірді.

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі
Фото – Илья Величко
Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться