ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
21.08.2024
741 просмотров
ПМХЗ қызметкерлері қаржылық сауаттылықты арттырды

2024 жылы 19-21 тамызда ПМХЗ-да қаржылық сауаттылық бойынша «Қарызсыз қоғам» семинары өтті.

Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ҚР азаматтарын осы тақырып бойынша білімдерін толықтыруға шақырды.

ПМХЗ әкімшілігі өз қызметкерлеріне «Аманат» партиясы ұйымдастырған қаржылық сауаттылық бойынша семинарына қатысуға мүмкіндік берді.

Білім беру жобасының дәріскері Республикалық ҚБ «Ұлы Дала» менторы Жанат Батрачина болды.


Семинар жүргізушісі қаржылық бағалау негіздері, күрделі салымдарды жоспарлау құралдары, жеке қаржыны басқару тақырыптарын қозғады. Дәріскер, сонымен қатар жеке тұлғалардың банкроттық рәсімі, жеңілдетілген несиелер мен гранттар туралы, депозиттер және оларды дұрыс таңдау, инвестициялар туралы баяндады.

Семинардың мазмұны аудиторияда үлкен резонанс тудырды, өйткені тыңдаушыларды жеке жинақтар мен жинақтау мәселесі қызықтырды. Шара соңында барлық қатысушыларға қаржылық ойлауды дамыту бойынша семинарды аяқтағаны туралы сертификаттар табыс етілді.

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото – Айнаш Мажит
Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться