2024 жылғы 21 қыркүйекте ПМХЗ қызметкерлері «World Clean Up Day» дүниежүзілік экологиялық акциясына қатысты. Іс-шара «Таза Қазақстан» ұлттық науқанының жалғасы болды және Экологиялық реттеу Комитеті мен ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен өткізілді.
Дәстүр бойынша Дүниежүзілік тазалық күні («World Clean Up Day») қыркүйектің үшінші сенбісінде өтеді. Экоакцияның мақсаты - қоғамдық және қорық орындарын қоқыстан тазарту үшін бүкіл әлем бойынша адамдарды біріктіру. Бұл қызмет республика халқы арасында жасыл бастамаларды ұйымдастыру бойынша «Таза Қазақстан» қозғалысының идеясын қолдайды.