ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
24.10.2024
761 просмотров
Республика күніне орай Павлодар ПМХЗ-да «Менің ұлы елім» мерекелік шарасы өтті Рух бірлігімен өткен салтанатты жиынға зауыт жмыскерлері, ардагерлер мен қонақтар жиналды.
Мерекені бас директор Қуаныш Бишімов ашып, зауыт жұмыскерлерін Қазақстанның ұлттық тәуелсіздігі мен егемендігін жариялаған маңызды күнмен құттықтады. «Бүгін біз еліміздің жаңа тарихын жасау жолындамыз, оның мұрасын сақтап, болашаққа бағдар алып отырмыз», - деді Павлодар мұнайхимия зауытының басшысы.

Мұнай өңдеу саласын дамытудағы және Республика күніне орай кәсіпорынның үздік қызметкерлерін: «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Құрмет грамоталарымен және естелік белгілерімен, Павлодар облысы әкімінің және Павлодар қаласы әкімінің Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен атап өтті. Оларды Александр Бердюгин, Азат Хакимов, Игорь Меркушев, Әлім Мұхамеджанов, Асхат Қабдығалиев, Рустам Валеев, Юрий Цыганенко, Жаннур Жексембаев қабылдады.

Қазақ мұнайының 125 жылдығы құрметіне арналған мерейтойлық медаль зауыттың еңбек сіңірген ардагерлері мен қызметкерлеріне табыс етілді. Бұл: Рақымтай Бекшенов, Валерий Дмитрищук, Николай Құдайбергенов, Дмитрий Коняхин, Фарид Тюленев, Александр Оборовский, Қадор Байбәкіров, Жасұлан Қасымов, Валерий Комаров, Людмила Евтодиенко, Михаил Драмачев, Светлана Шатрова, Иван Плотников, Замзагуль Нурсеитова, Петр Тягунов, Оксана Орешко, Еркен Камитов, Людмила Тараканова, Казбек Ныгманов, Светлана Гасанова. Марапаттарды бас директор табыс етті.

Мерекенің келесі кезеңі «Үздік Маман – 2024» кәсіби байқауының жеңімпаздарын марапаттау болды. Осы мақсатта сахнаға Павлодар мұнай-химия зауытының бас директорының орынбасары – техникалық директоры Сергей Петрук шақырылды.

Үздік технологиялық қондырғы операторы:
1 орын – Олег Хайрутдинов;
2 орын – Дамыс Темірбаев;
3 орын – Сергей Постников.

Үздік технологиялық сорғы машинисі:
1 орын – Михаил Щербаков;
2 орын – Марат Төлепбергенов;
3 орын – Виталий Тараненко.

Үздік компрессор қондырғысының операторы:
1 орын – Максим Быченко;
2 орын – Бауыржан Ысқақов;
3 орын – Владимир Сорокин.

Үздік тауар операторы:
1 орын – Антон Алексеев;
2 орын – Ермек Есенов;
3 орын – Руслан Қарсыбеков.

Үздік химиялық талдау зертханашысы:
1 орын – Юлия Фролова;
2 орын – Дарья Данилович;
3 орын – Дарья Вовк.

Үздік электр жабдықтарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі электригі:
1 орын – Игорь Копотун;
2 орын – Талғат Аманжолов;
3 орын – Ярослав Петров.

Үздік бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика шебері:
1 орын – Максим Семенчук;
2 орын – Алексей Бойко;
3 орын – Ринат Хабибуллин.

Үздік технологиялық қондырғыларды жөндеу шебері:
1 орын – Жансұлтан Акрам;
2 орын – Диас Тілеукен;
3 орын – Евгений Черныш.

Кәсіби шеберлік байқауының жеңімпаздарын жігерлендіріп, мемлекеттік тіл бойынша жыл сайынғы ашық диктант үздік қатысушыларын марапаттады: Анастасия Ершова, Мадияр Жақсылықов, Әсел Нұрғалиева, Дидар Құланбаев, Анар Тоғайбаева. «Біз сіздерді мақтан тұтамыз және қазақ тілінің дамуына қосқан үлестеріңізді бағалаймыз» - деп жүргізушілер марапаттаушыларды қолдады.

«Алаш Серпін» күйімен халық аспаптар квартетінің қойылымдары, сондай-ақ павлодарлық орындаушылардың би және вокалдық нөмірлері салтанатты шараның көзайымына айналды. Шара соңында көрермендердің шынайы эмоциясын тудырған «Елім менің Қазақстаным» әні болды.

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото  Илья Величко
Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться