Бұған дейін қала әкімдігі сәулет және қала құрылысы бөлімі Павлодарды тазарту картасын әзірлеп, соған сәйкес елді-мекеннің аумағын аудандарға бөлген, және жекелеген басқармалар мен ұйымдарға бекіткен болатын. Кәсіпорындардың бір бөлігіне қалалық көлік бағыттарына сай учаскі (автомобиль жолдары мен трамвай жолдары) бөлінді.
ПМХЗ Торговая көшесінен (Метро дүкені) № 20 тас жолға дейінгі («Каустик» АҚ) қашықтығы 8,2 км болатын аумақ сеніп тапсырылды.
Санитарлық тазалауға 150 адам қатысты, оның ішінде: ПМХЗ және «AVC Production» ЖШС, «Total Service» ЖШС, «Күзет-Павлодар» ЖШС, «СЖС Казахстан ЛТД» ШК ЖШС, «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС сервистік ұйымдардың қызметкерлері.
Шараға 7 бірлік көлік техникасы жұмылдырылды. Бекітілген аумақ тазартылған соң, 8 тонна қоқыс қалалық қоқыс полигонына шығарылды.
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото - Илья Величко