Курсқа келушілер мемлекеттік тілде оқуды, диалог жүргізуді және жазуды үйренеді. Оқу бағдарламасына бейне сабақтар, ән айту, ойын-сауық ойындары, викториналар, қазақ әдебиеті мен мәдениетімен танысу кіреді.
Оқушылар арасында Надежда Гордиенконы атап өтуге болады. Ол қазақ халқының мәдениетін тануға ерекше қызығушылық танытып, тілді үйренуге зор қабілеті бар. Тоғыз ай сабақ нәтижесінде Надежда қазірдің өзінде жақсы көрсеткіш көрсетуде.
Құрметті зауыт қызметкерлері, мемлекеттік тілді меңгеру мақсатында қазақ тілі курсына жазылу мүмкіндіктеріңіз бар. Курсты қазақ тілі маманы Гульназ Алимканова жүргізеді.
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Видео - Асылжан Женіс