ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
14.11.2024
794 просмотров
ПМХЗ-да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кездесу өтті 2024 жылғы 14 қарашада кәсіпорында квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға арналған дәріс өтті.
Спикер ретінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Данияр Қажмұханұлы Кәукенов сөз сөйледі.

Іс-шараға зауыт қызметкерлері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет саласындағы білімдерін тереңдетуге және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы іс-қимыл тетіктерімен көбірек танысуға ниет білдірген барлық мүдделі тұлғалар жиналды.

Данияр Қажмұханұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың маңызды аспектілері туралы егжей-тегжейлі айтып, «transparency» (ашықтық) және жұмыстағы жауапкершілікті арттыру бойынша практикалық ұсыныстармен бөлісті.

Сонымен қатар, қатысушылар сұрақтар қойып, спикерден толық жауаптар ала алды.

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться