ПМХЗ сатып алу саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттырды
15.11.2024
758 просмотров
2024 жылғы 15 қарашада кәсіпорында «ПМХЗ» ЖШС-ның 2024 жылға арналған оқыту және біліктілікті арттыру жоспары» шеңберінде қызметкерлерді оқыту және дамыту бөлімі - оқу орталығы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-тың сатып алуды жүзеге асыру тәртібін қолдану бойынша құзыреттілікті арттыру бойынша семинар ұйымдастырды.
Тренер ретінде «Самұрық – Қазына» ҰӘҚ-тың құқықтық сүйемелдеу және әдіснама департаментінің әдіснама қызметінің басшысы Юлия Архипова сөз сөйледі. Қор маманы 2024 жылғы 31 қазаннан бастап енгізілген сатып алу тәртібіндегі өзгерістер, тендерлік құжаттаманы, техникалық сипаттаманы қалыптастыру қағидалары тақырыптарын талқылады. Сондай-ақ, әлеуетті жеткізушілердің сатып алуға қатысуға өтінімдерін қарау кезіндегі талаптар, жабдықтарды, қосалқы бөлшектерді, құралдарды және оған тиісті сападағы керек-жарақтарды сатып алуға мүмкіндік беретін сатып алу тәсілдеріне ерекше назар аударылды.
Ұсынылған таныстырылымдағы өзекті деректер тыңдаушылар үшін жақсы теориялық негіз болды. Шынайы жағдайларды талдау зауыт қызметкерлеріне сатып алу тәжірибесіндегі нақты жағдайларды егжей-тегжейлі түсінуге көмектесті, қызметкерлер нақтылайтын сұрақтар қойып, өзекті мәселелерді талқыға салды. Тренинг аяқталған соң қатысушыларға сертификаттар берілді.
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі Фото - Анна Гронская, Нурсултан Нурумов