ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
25.11.2024
578 просмотров
Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері ПМХЗ ұжымымен кездесті 2024 жылғы 25 қарашада Павлодар облысы прокуратурасының бастамасымен «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ ұйымдастыруымен, Павлодар қаласы прокуратурасының прокуроры О.Шалабаев, Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы басшысының орынбасары А.Сабыров, мемлекеттік аннуитенттік компанияның «Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ өкілі О.Гаськованың қатысуымен облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің кездесуі мұнай өңдейтін ірі кәсіпорын- Павлодар мұнай-химия зауыты ЖШС-ң еңбек ұжымында өтті.
Кездесу барысында еңбек заңнамасын, қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау, өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу және сақтандыру жағдайының басталуы мәселелері талқыланды.

Спикерлер сондай-ақ әлеуметтік желілердегі жарияланымдар, ақпараттық кеңістіктегі мінез-құлық қағидалары және азаматтардың құқықтық жауапкершілігі тақырыбын қозғады. Кездесуде қатысушыларға «QaznetEtiquette» Этикалық кодексі түсіндірілді.

Ақпараттық түсініктеме тобының мүшесі, «Somanq» Павлодар облысының корей қауымдастығы» ҚБ төрағасы Л.В.Пак Павлодар облысы ҚХА құрылымы мен қызметі, өңірдегі этносаралық қатынастарды нығайтудағы Ассамблеяның рөлі туралы айтып берді.

Павлодар облысы ҚХА
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться