Спартакиададағы ҚМГ нәтижелері:
1 орын — волейболдан ерлер құрамасы («ҚазТрансОйл» АҚ);
1 орын — баскетболдан ерлер құрамасы («ҚазТрансОйл» АҚ);
2 орын — волейболдан әйелдер құрамасы (Атырау мұнай өңдеу зауыты);
3 орын — футзалдан ерлер құрамасы («Өзенмұнайгаз» АҚ);
3 орын — арқан тарту бойынша ерлер құрамасы («Өзенмұнайгаз» АҚ).
Сондай-ақ ҚазМұнайГаз «Алтын дубль» номинациясының иегері атанды (Үздік қақпашы — Жалғас Әбдінасыров, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ).
Жеке спорт түрлері бойынша ҚМГ нәтижелері:
1 орын — армрестлинг (ерлер 80 кг дейін) Дәурен Енсеп («ӨзенМұнайСервис» ЖШС);
2 орын — жүзу (әйелдер 40 жастан жоғары — 400м) Ирина Филяева («ҚазТрансОйл» АҚ);
2 орын — жүзу (ерлер 40 жасқа дейін — 800м) Игорь Сорокин («ҚазТрансОйл» АҚ);
3 орын — асық ату («Ембімұнайгаз» АҚ);
3 орын — үстел теннисі, Ахметбек Биятов («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ);
3 орын — киберспорт, Нұркен Мағзомов — ойынның үздік мергені (Атырау мұнай өңдеу зауыты).
Аталған жарысқа ат салысып келген жұлдызымыз – «ПМХЗ» ЖШС Мұнай өткізу және мұнай жеткізушілерімен жұмыс жасау бөлімінің жетекші маманы – Айнаш Тасбулатова 40 жасқа дейінгі әйелдер 400 метрде арасында жүзуден лайықты 5 орынға ие болды.
Жеңімпаздарымызға еңбегі, табандылығы және жеңіске деген ерік-жігері үшін шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз!
ҚазМұнайГаз
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі