ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
26.11.2024
735 просмотров
ПМХЗ-ның кауіпсіздікке жауапты топ-менеджменті АҚжәнеТЖ саласы бойынша білімін жетілдірді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2020 жылдың 02 шілдесіндегі №494 бұйрығымен бекітілген «Халыққа және азаматтық қорғау саласындағы мамандарға хабар беру, ілімді насихаттау, оқыту қағидаларына» сәйкес 2024 жылдың 13-15 қарашасы аралығында «ПМХЗ» ЖШС-ның жетекшілері мен мамандарына арналған біліктілікті арттыру курстары өткізілді.
Оқыту бағдарламасына қатысты:

1. Қуаныш Бишімов, бас директор;
2. Бақыт Аликулов, еңбекті қорғау бойынша бас техникалық жетекші, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры;
3. Шыңғыс Алтынбеков, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы;
4. Николай Попенко, АҚжәнеТЖ бөлімінің газ қауіпсіздігі бойынша инженері.

Қатысушылардың азаматтық қорғаныс саласындағы білімдерін жетілдіруге бағытталған курс Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментінде өтті. Оқыту барысында ТЖ алдын алу және жою, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану және халықты ақпараттандыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру бойынша өзекті тақырыптар қамтылды.

«ПМХЗ» ЖШС қызметкерлері кәсіпорындағы қауіпсіздіктің жоғары деңгейін сақтау үшін маңызды болып табылатын азаматтық қорғаныс саласындағы өз дағдыларын және ықтимал төтенше жағдайларға дайындығын нығайтты.

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться