Аталмыш оқу-жаттығу аясында «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-ның құтқарушылар тобы Павлодар қаласының шұғыл жауап қайтару отрядының сап түзеуіне қатысты. Шара төтенше жағдай кезіндегі елді мекендер мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық қызметтердің бірлескен іс-әрекеттерін пысықтауға арналды.
Жоғары білікті мамандардан құралған ПМХЗ жасағы қыс мезгілінде төтенше жағдайлардың туындау қаупі артқан кезде өзінің дағдылары мен әрекет етуге дайындығын көрсетті. Зауыттың осындай оқу-жаттығуларға белсенді қатысуы - оның қауіпсіздік қағидалары мен қиын жағдайда тұрғындарға көмек көрсетуге даярлығының бірден-бір көрсеткіші.
«Біз іс-әрекеттеріміздің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайларға даярлығы тарапынан маңыздылығын айқын түсінеміз. Біздің мамандарымыз арнайы оқытудан өткен және әр түрлі жағдайдағы жұмыс тәжірибесі бар. Аталмыш оқу-жаттығуға қатысудың нәтижесінде мамандарымыз дағдыларын жетілдірумен қатар, шұғыл жауап беру қызметтерімен әрекеттесіп жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды», - деп атап өтті «ПМХЗ» ЖШС-ның азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Шыңғыс Алтынбеков.
Өткен шара барысында бірнеше сценарийлер қарастырылды. Оның ішінде төтенше жағдайлар салдарын жою, зардап шеккендерді эвакуациялау және алғашқы көмек көрсету симуляциялары. Оқу-жаттығу барысының арнайы сарапшылармен талдануы шынайы жағдайдағы алдағы іс-әрекеттерді түзетуге және жақсартуға мүмкіндік берді.
Павлодар мұнай-химия зауыты азаматтық қорғаныс жүйесінің дамуына үлес қосып, өз қызметкерлері мен жалпы өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында үнемі талпыныс үстінде.
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі