2024 жылдың 16 қазанында Астана қаласында химиялық, мұнай-химиялық және өнеркісіптің туыстас салалары қызметкерлерінің Салалық кәсіподақтың әйелдер істері бойынша комиссиясының отырысы өтті. Комиссия құрамына «ПМХЗ» ЖШС экономисі, «Нефтепереработчик» жергілікті кәсіподақ» ҚБ мүшесі Алия Мамашева кірді. Кездесу барысында отбасылық және гендерлік саясатты жүзеге асыру жұмыстары және комиссияның 2024 жылдың жұмыс жоспарының орындалу кезеңдері талқыға салынды.
Мемлекет Президентінің 2016 жылдың 6 желтоқсанындағы №384 жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы бекітілді. Бұл тұжырымдамаға сәйкес Салалық кәсіподақ келесілерді қамтамасыз ету үшін шараларды қолданады:
Алия Мамашева – белсенді өмірлік позицияны ұстанатын адам. Сол себепті төртінші жыл қатарынан «Нефтепереработчик» кәсіподақ бірлестігіне мүшелік етеді. Сондай-ақ, Алия ханым өзі үш баласы бар ана ретінде жұмыс істейтін әйелдердің құқықтары мен кепілдіктерін іске асырудың және еңбекші әйелдер үшін қосымша жеңілдіктер мен өтемақылардың маңыздылығын жақсы түсінеді.
Комиссияның 10 мүшесімен қатар отырысқа шақырылған қонақтар да қатысты. Олардың қатарында ҚР кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары, ҚРКФ-ның еңбекші әйелдер мәселелері бойынша комиссия төрайымы Гүлнар Жұмагельдиева және ҚР Президенті жанындағы адамдар құқықтары бойынша комиссия мүшесі, WLP дүниежүзілік жаһандық жаттықтырушылар желісінің мүшесі, адам ресурстары мен гендерлік мәселелер бойынша халықаралық деңгейдегі сарапшы Гүлзи Нәби болды.
Жиналысты салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары, салалық кәсіподақтың әйелдер істері жөніндегі комиссиясының төрайымы Гүлайым Мұраталиева басқарды. Ол қатысушыларды еңбекші әйелдер мен гендерлік теңдікке қатысты ережелер жазылған құжаттармен таныстырды. Мысалы, ХЕҰ-ның «Жұмысшы ерлер мен әйелдер үшін тең қарым-қатынас пен тең мүмкіндіктер: отбасылық міндеттері бар жұмысшылар» атты №156 және «Еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен алымсақтықты жою туралы» №190 конвенциялары сөз етілді.
Жиынның пленарлық отырысы аяқталғаннан кейін комиссия мүшелері тренер Гүлзи Нәби өткізген «Сала кәсіпорындарындағы гендерлік саясат: еңбекші әйелдерді қолдау және құқықтарын қорғау» тақырыбындағы тренингке қатысты. Интерактив барысында қатсушылар өздері жұмыс істейтін кәсіпорындардағы әйелдер үшін жасалған әлеуметтік жағдайлар туралы ақпаратпен алмасу мүмкіндігіне ие болды. Алия Мамашева аталмыш тақырыпқа қатысты ПМХЗ-дағы жағдайды сөз еткенде, басқа кәсіпорындармен салыстырғанда Павлодар мұнай-химия зауытының өз қызметкерлеріне біршама қосымша әлеуметтік артықшылықтарды қамтамасыз ететіні мәлім болды. Оның ішінде: жеке меншік балабақшаларға арналған дотациялардың қолжетімділігі, барлық отбасы мүшелерімен бірге әдемі табиғи аймақтардағы демалыс орындарына бару мүмкіндігі, балалары бар зауыт қызметкерлеріне мектепке дайындық барысында материалдық колдаудың көрсетілуі.
Отырыс барысында комиссияның әрбір мүшесі жұмысшы әйелдердің еңбек саласындағы мүмкіндіктері туралы нормативтік-құқықтық құжаттармен кеңінен танысып, гендерлік теңдік мәселесіне байланысты хабардарлықты тереңдете түсті.
Шара соңында барлық қатысушыларға Алғыс хаттар табыс етілді.
«ПМХЗ» ЖШС-ның Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі Химиялық, мұнай-химиялық және өнеркісіптің туыстас салалары қызметкерлерінің Салалық кәсіподақтың әйелдер істері бойынша комиссиясы төрайымы Г.А. Мұрталиеваның ақпаратына сүйене отыра