ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
04.12.2024
481 просмотров
Павлодар мұнай-химия зауытында ТЖД-ның қатысуымен кезекті өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өтті 2024 жылдың 27 қарашасы күні ПМХЗ аймағында Павлодар облысы ТЖД-ның «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің өртке қарсы қызмет өкілдерінің қатысуымен гарнизонды өрт-тактикалық оқу-жаттығу ұйымдастырылды. Құтқарушылардың кез келген оқыс жағдайға даярлықтарын пысықтауға арналған іс-шара қауiптiлiктiң жоғары деңгейiне қарамастан, өзара әрекет амалдарының үйлесімділігі мен сыртқы ұйымдармен қоян-қолтық жұмыс істеуге дайындығын көрсеттi.
Шартты өрт шарпыған нысана ретінде Павлодар мұнай-химия зауытының «Сумен қамтамасыз ету және кәріз» цехының учаскесі таңдалды. Тілсіз жаумен күресуге арнайы техниканың 18 бірлігі мен 90 адам жұмылдырылды. Олардың ішінде: «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС-ның Өрт және газ қауіпсіздігі жасағы, «ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД-ның Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің жеке құрамы мен техникасы, «Медикер-Өндірістік медицина» ЖШС қызметкерлері, «Күзет-Павлодар» ЖШС және «Тотал Сервис» ЖШС.

Сағат 10:03-те Сумен жабдықтау және кәріз цехының операторына ағынды суларды механикалық тазарту мекемесінің сорғы станциясында шартты өрт шыққаны туралы сигнал түсті.

Сағат 10:50-де өрттің ауыздықталғаны жеткізілді. Бұл аралық адамдарға қауіп төнбейтін немесе сейілген, өрттің таралуы тоқтатылған және қолда бар күштер мен құралдарды пайдалана отырып, оны жоюға жағдай жасалған шартты өртті сөндіру кезеңі деп аталады.

Сағат 10:55-те «өрт» сөндірілді, содан кейін сорғы станциясы 20 минут бойы салқындатылды.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ жедел бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Дастан Есқара оқу-жаттығу қорытындысы бойынша іс-шараның мақсаттарына толығымен қол жеткізілгенін атап өтті. Сондай-ақ жедел қызметтер мен азаматтық қорғау жасақтары үйлесімді әрекет еткенін айтты.

"ПМХЗ” ЖШС жұртшылықпен байланыс бөлімі
Видео - Асылжан Женіс
Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться