ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
06.12.2024
448 просмотров
ПМХЗ басшылығы Мәжіліс депутаттарын кәсіпорын қызметімен таныстырды 2024 жылдың 25 қарашасында Мәжіліс шеңберінде «Мұнай саласының қазіргі қызметі мен даму перспективалары» тақырыбына арналған Үкімет сағаты өтті. Аталмыш шара аясында Мәжілісте мұнай компаниялары қызметінің нәтижелері мен алдағы жоспарлары көрсетілген тақырыптық көрме ұйымдастырылды. «ПМХЗ» ЖШС Бас директорының міндетін атқарушы – техникалық директор Сергей Петрук депутаттарды кәсіпорын қызметімен таныстырып өтті.
Парламентарийлерге кәсіпорынның 2029 жылға дейін 3-жылдық жөндеу аралық кезеңге өтіп, жылына 6 млн тоннадан астам мұнайды өңдеу жоспарланып жатқаны айтылды.

Палатаның вице-спикері Альберт Раудың төрағалығымен өткен Үкімет сағатында мұнай-газ кешенінің ағымдағы қызметі мен даму перспективалары сөз етілді.

Сондай-ақ, депутаттар алдында энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев пен «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов сөз сөйледі.

Алмасадам Сатқалиев

Жиында депутаттар Үкіметтің жауапты мүшелеріне мұнайдың айырымдылық коэффициентін арттыру, ішкі нарықты мұнаймен қамтамасыз ету, мұнай өңдеу көлемін ұлғайту, битум мен жанар-жағармай материалдарының тапшылығын болдырмау, көлік логистикасын жаңғырту, авиациялық отын бағасын төмендету және басқа да мәселелерге қатысты сауалдар жолдады.

Талқылаудың нәтижесінде Мәжіліс депутаттары мұнай саласының дамуына қатысты сұрақтар бойынша Үкіметке бірқатар ұсыныс жасады.

Шара соңында депутаттар мемлекет алдында экономиканы дамыту мақсаты тұрғанын баса айтып өтті. Алайда бұл мәселені мұнайды өндірудің арқасында шешудің мүмкін еместігі сөз етіліп, бас күшті мұнайды өңдеуге, геологиялық барлау жұмыстарына және ішке нарықтағы тұрақтылыққа салу қажеттілігі көрсетілді.

«ПМХЗ» ЖШС-ның Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото - ҚР Парламенті Мәжілісі
Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться