ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
19.12.2024
442 просмотров
ПМХЗ-да ағындарды сүзгілеу бойынша жаңа станция белсенді жұмыс істеуде 2024 жылы ПМХЗ-да «Сумен жабдықтау және кәріз жүйесі» цехының І биологиялық тазалау жүйесінен кейінгі ағындарды сүзгілеу станциясының құрылысы аяқталды. Бұл қадам су ресурстарының тиімді пайдаланылып, зауыттың экологиялық тұрақтылығының артуына оң әсерін тигізді.
Павлодар мұнай-химия зауытының өзінің өндірістік қызметіндегі экологиялық басты аспектісі ағынды суларды тиімді басқаруда жатыр. Кәсіпорында суды тазалап қана қоймай, сонымен қатар олардың қайта падаланылу деңгейін арттыратын жүйелер енгізілген. Зауыттағы тазалаудың заманауи әдістерін енгізудегі келесі қадам ағындарды сүзгілеуге бағытталған жаңа станцияны салу болды.

Жоба «AVC Production» ЖШС-мен серіктестікте жүзеге асырылды. Сүзгілеу станциясы ағынды сулардың жоғары тазалану деңгейін қамтамасыз етіп, тазалаудың жоғары стандарттарына жауап беретін заманауи сорғылар мен сүзгілермен жабдықталған.

Жаңа станцияның іске қосылуының нәтижесінде жаһанды су тапшылығы жағдайында аса маңыздылыққа ие тұщы судың пайдаланылу мөлшері азайды.

Жобаның экономикалық тиімділігі айдан анық: айналмалы суды қайта өңдеуге жұмсалатын шығындарды 10%-ға қысқарту жоспарланған. Сондай-ақ, суды тазалау бойынша жоспарланбаған жұмыстарға жұмсалатын шығындар мөлшерінің азаюы күтілуде. Жылына жалпы 50 млн теңгеге жуық қаражат үнемделеді. Ұзақ мерзімді сәтті нәтижелерге жету үшін ағымдағы үдерістерді оңтайландырумен қатар, экологиялық таза технологияларға қаражат құю қажеттілігін компания жақсы түсінеді. Мұндай инвестициялар ПМХЗ-ның экономикалық тиімділігіне оң әсер етіп, өндірістік процесстерді жаңартады және қоршаған ортаға зиянды әсерін азайтады.

«ПМХЗ» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться