ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
31.12.2024
230 просмотров
Павлодар мұнайөңдеушілері Песчаное балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерін Жаңа жылмен құттықтады Ұзақ жылдар бойы ПМХЗ дәстүрлі түрде Тереңкөл ауданы Песчаное ауылындағы «Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы» КММ тәрбиеленушілеріне қамқорлық көрсетіп келеді. 
Жаңа жыл қарсаңында «ПНХЗ» ЖШС ұжымы көңілді аниматорлармен бірге балаларды келе жатқан мерекемен құттықтады.

Қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне «Мұнай өңдеуші» жергілікті кәсіподақ» ҚБ ұйымдастырып жеткізген 50 тәтті сыйлық берілді. Павлодар мұнайхимия зауытының Жастар істері жөніндегі кеңесінің өкілдері балаларға зор денсаулық, амандық пен қуаныш тілеп, ізгі ниеттерін білдірді.

Мерекелік безендірілген залда балалар шыршаны айнала ән айтып, би билеп, Аяз ата мен Ақшақарға, сондай-ақ көңілді Гном мен Зажигалкаға тақпақтар айтты. Жаңа жылдық көңіл-күй балалардың жүрегінде мүмкіндігінше ұзақ сақталуы үшін естелікке қалатындай, ПМХЗ өкілдері мен ертегі кейіпкерлерімен бірге суретке түсумен аяқталды.

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться