ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
31.12.2024
340 просмотров
ПМХЗ кәсіпорынның зейнеткер-ардагерлеріне тәтті сыйлықтар табыс етті Жаңа жыл қарсаңында Павлодар мұнайхимия зауыты «Мұнай өңдеуші» жергілікті кәсіподақ» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, кәсіпорын зейнеткерлеріне сыйлықтар таратуды ұйымдастырды.
2024 жылы 27 желтоқсанда Павлодар химия-механикалық колледжіне 800-ден астам адам шақырылып, тәтті сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, денсаулығына байланысты үйінен шыға алмайтын 80 зейнеткердің үйлеріне шай дастарханына арналған азық-түлік қалталары жеткізілді.

ПМХЗ ұжымы келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен кәсіпорынның барлығы 910 бұрынғы қызметкерін құттықтады. Аға буын ұрпаққа құрметпен қарап, жылы лебіз білдіру, Павлодар мұнайхимия зауытының қоғамдық қызметінің маңызды бөлігі болып табылады.

«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться