ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
11.03.2025
110 просмотров
Павлодар мұнай өңдеушілері мылтық атудан жарысқа қатысты Спорттық сайыс 2025 жылдың 16 ақпанында  «ОТАН» республикалық қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық спорттық ату клубында өтті. ПМХЗ-ның әр құрылымдық бөлімшесінен 2 адамнан тұратын топтар жарысқа түсті.

Шара екі кезеңнен тұрды: квалификациялық іріктеу және финал. Кезеңдердің әрқайсысында атқыштар ұзын оқпанды шағын калибрлі винтовкадан  3 сынақ  және 5 есептелетін атыс жасайтын мүмкіндік алды.

Жарыс аймағына қатысушылар бес адамнан тұратын топтармен кезек-кезек шығып отырды. Аяғында тік тұрған қалпында спортшылар 25 метр қашықтықтан нысанаға оқ атты.

Квалификациялық іріктеудің нәтижелеріне сәйкес ең көп ұпай жинаған 5 қатысушы жеңімпаздарды анықтайтын финалдық кезеңге өтті.

Спорттық дода соңында ұйымдастырушылар жеңімпаздарды марапаттап, дипломдар мен сыйлықтар табыс етті. Нәтижелер келесідей болды:

Топтық есепте:

1 орын – кірме жолдарға қызмет көрсету цехы;

2 орын – мұнайды бастапқы өңдеу өндірісі;

3 орын – күкірт өндірісі мен жалпы зауыттық шаруашылық.

Жеке есепте:

1 орын – Ербұлан Мағау (мұнайды терең өңдеу өндірісі);

2 орын – Александр Усихин (мұнай өнімдерін компаундирлеу және тиеу кешені);

3 орын – Олег Палицкий (бақылау-өлшеу аспаптары мен технологиялық үдерістерді автоматтандыру цехы).

Жеңімпаздарды шын жүректен жеңістерімен құттықтаймыз!

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-ның Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фото – Илья Величко
Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться