ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
27.03.2025
73 просмотров
ПМХЗ қызметкерлері қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты Наурыздың 14-ші жұлдызында «Наурызнама» тұжырымдамасы шараларының аясында Астана қаласында қолөнер туындыларының жәрмеңкесі өтті. Аталмыш шарада «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қызметкерлері, сондай-ақ еншілес және тәуелді ұйымдардың өкілдері бой көрсетті.
Қатысушылардың қатарында «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС қызметкерлері де болды – Наталья Приходько, Марина Карабовская және Александра Гребенкина.

Наталья Приходько шығармашылықтары

Марина Карабовская шығармашылығы

Александра Гребенкина шығармашылығы

Жәрмеңкенің өткізілуінен түскен барлық қаражат қайырымдылық қорларына жіберілді. Бұл іс-шара жанымызда жүрген қарапайым жұмысшылардың өнерлерін және түрлі өнер туындыларын көрсетумен қатар, адамдарды игі бастама негізінде біріктірудің керемет мүмкіндігі болды.

«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться