ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
29.04.2025
14 просмотров
ПМХЗ-да волейболдан өткен жарыс өз мәресіне жетті Спартакиада-2025 аясында Павлодар мұнай-химия зауыты қызметкерлері арасында волейболдан тартысты турнир өтті. Жарыс бірнеше кезеңнен тұрды: топтық ойындар 5 және 12 сәуірде өтсе, шешуші финалдық кездесулер 13 сәуірде «Автомобилист» спорт кешенінде ұйымдастырылды.
Турнир қорытындысы бойынша 1-орынға Мұнайды компаундирлеу және тиеу өндірісі командасы ие болды. Команданың табысқа жетуіне блоктаушы Ерзат Сакишевтің шебер ойыны зор үлес қосты. 2-орын Мұнайды терең өңдеу өндірісіне бұйырды – бұл жерде үздік пас беруші Мұрат Жангазиновтың үлесі ерекше атап өтілді. 3-орын Ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісінің еншісіне тиді. Команда өкілі Ербол Манарбековтің жарқын шабуылдары жанкүйерлердің қошеметіне бөленді. 4-орынды Мұнайды бастапқы өңдеу өндірісі иеленсе, 5-орын – Зауыт басқармасына бұйырды. Ал 6 және 7-орындар сәйкесінше Күкірт өндірісі және жалпы зауыттық шаруашылығы және Бу-ауамен жабдықтау цехы командаларына тиесілі болды.

ПМХЗ-да салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында корпоративтік спорт белсенді түрде дамып келеді. Бұл бастама қызметкерлердің денсаулығына ғана емес, сонымен қатар ұжым ішіндегі жағымды психологиялық ахуалға да оң әсер етуде.

Жарысқа қатысқан барлық ойыншыларға құрмет грамоталары мен бағалы сыйлықтар табысталды.

«ПМХЗ» ЖШС-ның Жұртышылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото — Илья Величко
Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться