Турнир басталар алдында қатысушылар салмақ өлшеуден өтіп, үш адамнан тұратын топтарға бөлінді. Бір топ әр салмақ дәрежесіндегі (80, 90, 90+ кг) қатысушылардан құралды. Командалық есеп әр спортшының жинаған ұпайларының қосындысы бойынша жүргізілді.
Жарыс қорытындысы бойынша топтық есепте 60 ұпай жинаған Мұнайды компаундирлеу және тиеу өндірісі (МКТӨ) командасы жеңімпаз атанды. Екінші орын 57 ұпай алған Жөндеу-монтаждау цехы (ЖМЦ) тобына бұйырды. Ал Сумен жабдықтау және кәріз цехының (СжәнеК) спортшылары үшінші орынды иеленді. Олар спорттық сайыс барысында жалпы 57 ұпайға ие болды.
«80 кг» категорясында жеңімпаз атанғандар:
1 орын – Егор Мельников, СжәнеК, 30 ұпай;
2 орын – Темір Шәмшібай, Мұнайды бастапқы өңдеу өндірісі (МБӨӨ), 22 ұпай;
3 орын – Жансұлтан Акрам, ЖМЦ, 20 ұпай.
«90 кг» категориясындағы жеке есеп нәтижелері:
1 орын – Владимир Батяшов, МКТӨ, 30 ұпай;
2 орын – Булан Қыңырбеков, ЖМЦ, 21 ұпай;
3 орын – Сергей Ершов, Күкірт өндірісі және жалпы зауыттық шаруашылығы (КӨжәнеЖЗШ), 19 ұпай.
«90+» катеогриясының жеңімпаз үштігі:
1 орын – Владислав Бодылевский, Мұнайды терең өңдеу өндірісі, 30 ұпай;
2 орын – Хамзат Мамаев, Ашық түсті мұнай өнімдері өндірісі (АМӨ), 24 ұпай;
3 орын – Сергей Гончаров, МКТӨ, 19 ұпай.
Жарыс нәтижесінде үздік болып танылған спортшылар маусым айында өтетін республикалық спартакиадада ПМХЗ-ның намысын қорғайтын армрестлинг құрамасына енді.
«ПМХЗ» ЖШС-ның Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото — Илья Величко