ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
26.04.2025
10 просмотров
ПМХЗ жұмыскерлері республикалық сенбілікке қатысты «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Павлодар қаласында 2025 жылы 26 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті жариялаған сенбілік өтті. Шараның мақсаты –тұрмыстық қалдықтардан тазалау болды.

Сенбілік Усолка микроауданының саябағы, Ертіс жағалауы аумағында өтті. Бұл күні Павлодар қаласының кәсіпорындар қызметкерлері мен студенттер сенбілікке шықты. Акцияға «ПМХЗ» ЖШС-нің 25 жұмысшысы қатысты.

Аймақты санитарлық тазалау барысында 30 қап қоқыс жиналды.

Күннің шуақты ыстығына қарамастан, өндіріс жұмыскерлері Усолка бөгетін айналып өтіп, бірлескен күш-жігермен саябақтың үлкен аумағын қоқыстан тазартты. 

Сенбілік табиғатты аялаудың үлгісі болып қана қоймай, тұрғындарды қаланы абаттандыруға, тазалауға деген ортақ ниетімен біріктірді. Тазалық жұмыстары аяқталған соң, жұмысшылар «Таза Қазақстан» туының астында естелікке суретке түсті.

«ПНХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фото – Вадим Бердников
Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться