2025 жылы 21 сәуірде Ресей Федерациясының Новосібір облысының делегациясы өңірлер арасындағы шекаралық қарым-қатынастарды және өзара әрекеттестікті дамыту мақсатында Павлодар қаласындағы бірнеше мекемелерді аралады, соның ішінде ПМХЗ да келді.
Кәсіпорынға келген делегация құрамында: Новосібір облысының Мәдениет министрі Юлия Шуклина, Новосібір облысы губернаторы мен Үкіметі әкімшілігінің хаттамалық бөлімінің басшысы Алексей Овсянников, Новосібір облысының халықаралық байланыстар басқармасы басшысының орынбасары Наталья Мельникова, Новосібір облысының губернаторының көмекшісі Данила Лоскутов, Халықаралық байланыстар басқармасының кеңесшісі Сергей Горюшкин.
Қонақтарды «ПМХЗ» ЖШС бас директоры Маждай Ахметов қарсы алды. Экскурсия барысында ПМХЗ бас директор орынбасары – техникалық директоры Сергей Петрук қонақтарды кәсіпорын қызметімен таныстырып, негізгі өндіріс орындарын көрсетті.
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі Фото – Илья Величко