ПМХЗ спортшылары арасында баскетболдан финалдық ойындар өтті
02.05.2025
6 просмотров
Бірінші және екінші кезеңнен кейін ПМХЗ құрылымдық бөлімшелері арасында баскетболдан финалдық ойындар өтті. Үздік ойыншылар анықталған шешуші ойындар 2025 жылдың 27 сәуірінде «Автомобилист» спорт кешенінде ұйымдастырылды.
Аталмыш турнир Спартакиада-2025 аясында өтті. Іс-шараны «Нефтепереработчик» жергілікті кәсіподақ ұйымы ұйымдастырды.
Жеңімпаз атағына талас тартысты өтті. Нәтижесінде 1 орын Мұнайды компаундирлеу және тиеу өндірісі командасына бұйырды. Команданың жеңіске жетуіне турнирдің үздік шабуылшысы атанған Қаныш Демесинов үлкен үлес қосты.
2 орынды Мұнайды бастапқы өңдеу өндірісі командасы қанжығасына байлады. Бұл команданың үздік ширатушысы болып Досмұхаммет Советхан танылды.
3 орынды Ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу өндірісінің командасы еншіледі. Бұл жетістікке жету жолында турнирдің үздік орталық шабуылшысы Глеб Жуковтың ықпалы зор болды.
Жарысқа қатысқан әрбір ойыншы сергектік пен көтеріңкі көңіл-күйге бөленді. Кубок үшін тартыс оңай болған жоқ — барлық командалар жанкешті ойын көрсетіп, лайықты қарсылас бола білді. Мұндай спорттық шаралар бірлік пен ынтымақтың, ортақ мақсат жолындағы күш-жігердің қаншалықты маңызды екенін айқын көрсетеді. Ал спортта қажет табандылық пен өзара түсіністік өндірістегі жетістіктерге де тікелей әсер етеді.
«ПМХЗ» ЖШС-ның Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі Фото — Илья Величко