«Бізбен бірге жүгір» – ПМХЗ жүгіру клубының ұраны!
30.04.2025
8 просмотров
ПМХЗ-да жарты жылдан бері жүгіру клубы белсенді жұмыс істеп келеді! Бұл – жүгіруді жақсы көретіндер мен салауатты өмір салтын ұстану жолында спортпен жаңадан шұғылдана бастағандар үшін таптырмас орта.
Бізбен бірге сіздің денсаулыққа, сергектікке және жаңа жетістіктерге апарар жолыңыз жеңілірек әрі қызығырақ болады!
Клубымыз келесі мүмкіндіктерді ұсынады:
Әркім өз ырғағы мен қарқынын таба алатын ашық аспан астындағы тұрақты жаттығулар.
Достық жарыстардан бастап маңызды марафондарға дейінгі түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысу мүмкіндігі!
Тәжірибелі жаттықтырушының қолдауы және кәсіби жүгірушілерден шабыт алу.
Жүгіруге қатысты көптеген тың әрі пайдалы ақпарат беретін іс-шаралар мен шеберлік сабақтарына қатысу мүмкіндігі.
Біздің команда сізге физикалық дамуды ғана емес, сонымен қатар рухани серпіліс те сыйлайды. Спорт жолында жасаған әрбір қадамыңыз өзіңіздің жаңа нұсқаңызға қарай жасалған қадам болмақ! Үлкен бір істің бөлшегі болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз! Қатарымызға қосылып, өміріңізді жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік беріңіз! Сөреде кездескенше!
Мамырдың үшінші жұлдызында жүгіру клубының мүшелері әрі әріптестеріміздің «Charity Samruk Marathon»- республикалық қайырымдылық марафонында ПМХЗ-ның намысын қорғайтынын қуана хабарлаймыз. Аталмыш спорттық шара «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының мыңдаған қызметкерлері мен салауатты өмір салтын ұстанатындарды біріктірмек!
«ПМХЗ» ЖШС-ның Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі Фото — Асылжан Жеңіс