«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметкерлері Астанада өткен «III Charity Samruk Marathon-2025» қайырымдылық жүгіру марафонына қатысты
04.05.2025
6 просмотров
ПНХЗ атынан 6 қатысушы қатысты: Айжан Мұрат, Әлібек Мусин, Наталья Ярополова, Жанат Сағадиев, Сергей Комаров, Сергей Ершов. Ал ҚМГ жанкүйерлер командасы қатысушыларды белсенді қолдап, шабыттандырғаны үшін «Марафон рухы: үздік қолдау бекеті» байқауының жеңімпазы атанды.
Жаппай жүгіру жарысына 3000-нан астам адам қатысты. Қайырымдылық шарада марафоншылар мен Қор серіктестерінің көмегімен 200 млн теңге жиналды. Қаражат ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған 10 инклюзивті кабинет ашуға жұмсалатын болады.