ПМХЗ-ның жас мамандары Шымкентте өткен ҚМГ Жастар форумына қатысты
06.05.2025
2 просмотров
2025 жылғы 28-сәуір мен 1-мамыр аралығында Шымкентте мұнай-газ секторындағы жас мамандар үшін кәсіби өсу және тәжірибе алмасу алаңына айналған ҚМГ Жастар форумы өтті.
Іс-шараға компанияның еншілес ұйымдарынан 268 өршіл қызметкерлері, оның ішінде ПМХЗ-ның 5 қызметкері қатысты. Жастардың алдында ҚМГ Басқармасының Төрағасы Асхат Хасенов пен ұлттық компанияның топ-менеджерлері сөз сөйледі, соның ішінде ПМХЗ-ның Бас директоры Маждай Ахметов жастарды өзінің табысқа жету тарихымен шабыттандырды.
ПМХЗ-ның жас қызметкерлері форумға елеулі үлес қосты, олар:
Әділ Қадырбеков, механикалық жұмыстарды жоспарлау жөніндегі жетекші инженер;
Ерлан Тамемов, 5-разрядты технологиялық сорғының машинисі;
Айзада Абилова, бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика слесары;
Ботагөз Амангелді, химиялық талдау лаборанты;
Бағдатгүл Кенженова, қауіпсіздік инженері.
Форум барысында ПМХЗ мамандары:
компания басшылығымен стратегиялық сессияларға белсенді қатысты;
өндірісті цифрлық трансформациялау бойынша жол карталарын әзірледі;
операциялық тиімділікті арттыру бойынша бірқатар бастамалар ұсынды;
басқа компаниялардағы әріптестермен жаңа кәсіби байланыстар орнатты.
Форумның соңғы күнінде ПМХЗ командасының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясынаына қатысуы кәсіпорынның экологиялық саясатының іс жүзіндегі көрінісі болды.
ПМХЗ жас мамандардың кәсіби өрлеуіне және сала көшбасшыларының жаңа буынын қалыптастыруға жағдай жасап, адами капиталды дамытуға инвестициялауды жалғастыруда.
«ПМХЗ» ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі Фото — қатысушылардың жеке мұрағатынан