ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
13.05.2025
48 просмотров
«ПМХЗ» мини-футбол кубогы аяқталды! 10-шы мамыр күні «Жұлдыз» стадионында жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған өндірістік ұжымдар арасындағы мини-футбол турнирінің финалы өтті. Ауа райы да, ойын да қызу болды! 
Турнир жеңімпаздары:

1 орын — «ҚТЖ» ЖШС;

2 орын — «KSP Steel» ЖШС;

3 орын — «УПНК-ПВ» ЖШС.

Жеке номинациялар бойынша марапатталғандар:

Үздік қақпашы — Әділет Қайырбай («УПНК-ПВ» ЖШС).

Үздік қорғаушы — Пётр Кузьмин («KSP Steel» ЖШС).

Үздік шабуылшы — Мақсат Тоқтыбаев («Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ).

Марапаттау рәсімін «Нефтепереработчик» жергілікті кәсіподақ» ҚБ төрағасы Мирас Хамитов жүргізді.

Нағыз спорт пен командалық рух мерекесін сыйлаған барлық қатысушыларға, жанкүйерлерге мен ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз!

«ПМХЗ» ЖШС-ның Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото — Илья Величко
Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться