Іс-шараның мақсаты — балалардың табиғатқа және оның ресурстарына деген сүйіпсеншілік көзқарасын қалыптастыру. Шығармашылық арқылы жас ұрпақтың экологиялық ой-санасы дамып, олар планетамыздың болашағына жауапкершілікпен қарауға үйренеді.
Байқауға зауыт пен сервистік компания қызметкерлерінің балалары қатысты. Оның аясында 7 мен 12 жас аралығындағы бүлдіршіндер «Таза Қазақстан» тақырыбында бір сурет салып, оны қоршаған ортаны қорғау қызметіне жолдауы керек еді. Жұмыстар мамыр айының соңғы аптасында қабылданды. Барлығы 53 жас суретші өз жұмысын ұсынды. Байқауды ұйымдастыруға «Нефтепереработчик» жергілікті кәсіподақ ұйымы»» ҚБ қолдау көрсетті.
Байқау қатысушыларын марапаттауға арналған шараға балалар зауытқа арнайы шақырылды. Олар үшін зауыт музейінде танымдық экскурсия ұйымдастырылып, ата-аналары еңбек ететін өндіріс орнымен жақынырақ танысу мүмкіндігі туды.
Марапаттау рәсімі оқу орталығының конференц-залында өтті. «ПМХЗ» ЖШС бас директорының орынбасары – техникалық директор Сергей Петрук балаларға алғысын білдіріп, дипломдар мен сертификаттар табыстады.
1 место
Бірінші орынды Таисия Осадчая, екінші орынды Ксения Гнускина, ал үшінші орынды Альнұр Мусадилов иеленді.
2 место
Іс-шара зауыт асханасында жайылған дастарқан басында аяқталды.
3 место
«ПМХЗ» ЖШС-ның Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
Фото — Вадим Бердников