ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
18.06.2025
2 просмотров
Павлодар мұнайхимия зауытында жоспарлы алдын алу жұмыстары басталды 2025 жылдың 18 маусымынан бастап Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарына және ҚР Энергетика министрлігінің бекітілген кестесіне сәйкес Павлодар мұнай-химия зауытында (ПМХЗ) жоспарлы алдын алу жұмыстары (ЖАЖ) бойынша іс-шаралар басталды.
Жоспарлы алдын алу жұмыстары аясында қысыммен жұмыс істейтін жабдыққа (110 бірліктен астам), сондай-ақ технологиялық құбырларына (930 бірліктен астам — 141 843 бойлық метр) міндетті техникалық куәландыру және сараптама жүргізу жоспарланған. 1100-ден аса адам және 107 арнайы техника жұмылдырылады.

Бұған қоса мұнай өнімдерінің негізгі түрлерін тиеу ҚР Энергетика министрлігімен келісілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Жоспарлы алдын алу жұмыстары басталғандағы зауыт резервуарларында жинақталған мұнай өнімдерінің қоры:
автокөлік бензині — 35 мың тонна;
дизель отыны — 45 мың тонна;
авиаотын — 14 мың тоннаны құрады.

Сонымен қатар ҚМГ-ның басқа мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өнімдерінің жеке түрлерінің өндірісін арттыру бойынша жұмыс жүргізілді. Бұл шаралар ең алдымен экономикалық сектордағы әлеуметтік маңызы бар салалардың қажеттіліктерін жабуға және ішкі нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Жоспарлы алдын алу жұмыстары 2025 жылдың 17 шілдесіне дейін аяқталады деп жоспарлануда.

"ПМХЗ" ЖШС жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі
@kazmunaygaspress


Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться