ТОО «Павлодарский нефтехимический завод»
18.06.2025
3 просмотров
ПМХЗ-да ЖМЦ токарьлері арасында кәсіби шеберлік байқауы өтті

«Үздік маман-2025» кәсіби шеберлік байқауы аясында жөндеу-механикалық цехының (ЖМЦ) жұмыскерлері «Ең үздік токарь/кең бейінді станокшы» атағы үшін бақ сынасты. Байқау бағдарламасы қатысушылардың теориялық білімдері мен өндірістік жабдықпен жұмыс істеу дағдыларын тексеруді қамтыды. Байқаудың мақсаты – үздік мамандарды анықтау және жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру.

Байқаудың теориялық кезеңі 25 сәуірде оқу орталығының компьютерлік сыныбында өтті. Қатысушылар 50 минут ішінде тест сұрақтарына жауап берді. Әр дұрыс жауапқа 0,1 баллдан есептелінді. Тесттен 3,5 немесе одан жоғары ұпай жинаған қатысушылар байқаудың практикалық кезеңіне жіберілді.

Практикалық кезең мамырдың 16 жұлдызында ұйымдастырылды. Қатысушылар К45/30 сорғы білігінің сызбасына сәйкес токарлық станоктарда оның кішірейтілген нұсқасын жасап шықты. Бұл ретте олар металл кесетін және өлшеу құралдарын пайдаланып, өнеркәсіптік және еңбек қауіпсіздігі талаптарына қайшы келмейтін жаңашыл тәсілдерді қолданды. Тапсырманы орындауға жалпы 60 минут берілді.

Практикалық тапсырманы бағалау кезінде жұмыстың орындалу сапасы, нормативтік уақытқа сәйкестігі, қауіпсіздік пен еңбекті қорғау талаптарының сақталуы, жұмыс орнының мәдениеті және киімі ескерілді.

Байқау нәтижесі бойынша бірінші орынды 8,33 ұпай жинаған токарь Сергей Владимирович Герасименко иеленді. Екінші орын 6,79 ұпаймен токарь Рүстем Ісембекұлы Имантаевқа бұйырды. Үшінші орынды 6,77 ұпай жинаған кең бейінді станокшы Данияр Қалқаманұлы Шапихов алды.

Бүгінде білікті токарьлер мен кең бейінді станокшылар еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие. Біздің зауытта өз кәсіби шеберлігін дәлелдеуге және біліктілігін арттыруға дайын тек жоғары деңгейлі жұмысшылар еңбек етуде.

 

«ПМХЗ» ЖШС-ның Жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі

Фото – Вадим Бердников

Будьте в курсе последних
новостей. Подпишитесь
на рассылку!
Подписаться