ПМХЗ-ның И.М. Губкин атындағы РМУ-мен тығыз қарым-қатынасы 2013 жылы, кәсіпорынды жаңғырту және зауыттың бір буынының келесі буынмен табиғи алмасуы барысында, зауыт жас, жоғары білікті инженер-технологтарды қажетсінген кезде басталды. Ал 2016 жылдан бастап ПМХЗ ЖОО-мен кәсіпорын үшін «Химиялық технология» бағыты бойынша мамандарды даярлауға деген оқыту шарттары негізінде жұмыс істейді.
Дегенмен, ПМХЗ-ның университетпен байланысы үзілмеген: зауытта РМУ-ның әр жылғы 12 түлегі жұмыс істейді (соның ішінде: 5-і кәсіпорынның техникалық басшылары және жетекші мамандары), мұнайды өңдеу технологиясы кафедрасының меңгерушісі, «ВНИПИнефть» ААҚ бас директоры, т.ғ.д., профессор В.М. Капустин зауытқа тұрақты түрде кеңес береді. 2016-2017 жылдары зауыт ресейлік алдынғы қатарлы оқу орнының 7 жаңа түлегімен толықты, олар Павлодар МӨЗ-нің зауыттың кадрлық әлеуетін дамыту үшін бөлген гранттарының арқасында білім алды.
28 шілдеде «ПМХЗ» ЖШС бас директоры Шухрат Данбайдың басшылығымен РМУ-ға барған зауыт жұмыскерлері жұмыс тобының іссапары университетпен, оның материалдық-техникалық, оқыту және ғылыми базаларымен танысып, тығыз қарым-қатынас жасауды көздейді.
Павлодарлық делегацияны И.М. Губкин атындағы мұнай және газ РМУ-ның ректоры, профессор Виктор Мартынов және халықаралық жұмыстар жөніндегі проректор Александр Максименко жылы қарсы алды. ЖОО басшысы қонақтарға негізгі оқыту аудиториялары бойынша экскурсия жүргізді. Қонақтар толықмасштабты бұрғылау тренажерының жұмысымен танысты, қабылдау комиссиясына, кен орындарын әзірлеуді басқару орталығына, сондай-ақ Ұлттық мұнай және газ кітапханасына барды.
Кездесу ПМХЗ мен И.М. Губкин атындағы мұнай және газ (ұлттық зерттеу университеті) РМУ-ның арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюмен аяқталды. Меморандум зауыт үшін біліктілігін арттыру және кәсіптік қайта даярлау бойынша қосымша кәсіптік білім беруді, соның ішінде қашықтықтан білім беру нысанын пайдалануді көздейді. Сондай-ақ құжатта университеттің түрлі нысандағы білім беру қызметтері – РМУ-де студенттер мен аспиранттардың қысқа мерзімді тағылымдамадан өту мен тренингтер, мастер-кластар, дәрістер, компания мамандары үшін ЖОО-ның кәсіптік семинарларын өткізу ниеті көрсетілген.
Анықтама:
И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ (ұлттық зерттеу университеті) университетін 1930 жылы академик И.М. Губкин құрды және Ресейдің мұнай-газ саласындағы білім беру жүйесінде басты ЖОО болып табылады.
Мықты ғылыми-педагогикалық мектеп пен дамыған оқыту-зертханалық базасы университетке ресейлік жетекші мұнай компаниялары мен ТМД елдерінің тапсырыс берушілері үшін кадрларды қайта даярлау және қосымша кәсіптік білім беру саласында көшбасшы болуға мүмкіндік береді.
«РА-Эксперт» рейтингі бойынша университет жұмыс берушілер арасында ресейлік университеттер түлектерінің қажеттілігі бойынша алдынғы үштікке кіреді, сондай-ақ ресейлік ЖОО арасында 5 орынға және Global World Communicator (GWC) әлемнің үздік 500 ЖОО жыл сайынғы халықаралық рейтингінің жалпы есебі бойынша 256 орынға ие.
«ПМХЗ» ЖШС-ның жұртшылықпен байланыс жасау бөлімі